АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Есігін бұзып кірді»: Минскіден ұшып келген ақмолалық жігіт карантиннен бас тартты[:]

[:kz]

Ақмола полицейлері карантинге жатудан бас тартқан Көкшетау тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Құқыққорғау органдарының ақпаратынша, ол 19 наурыз күні “Минск – Нұр-Сұлтан” рейсімен ұшып келген. Жалпыға ортақ тәртіп бойынша міндетті түрде карантинге жатуы керек болған азамат одан бас тартып, Көкшетау қаласына қайтып кеткен.

Одан бөлек, оған тұрғылықты жері бойынша медициналық тексеру жүргізу үшін Ақмоланың СЭС пен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жіберілді. Алайда, ер адам дәрігерлерге есік ашпай қойған.

Болған жағдайды дәрігерлер Көкшетау қаласының полиция басқармасына хабарлаған. ТЖ қызметкерлері пәтер есігін бұзып ашуға мәжбүр болды. Емдеу мекемесіне карантинге мәжбүрлеп жеткізілген жергілікті тұрғыннан анализдер алынып, вирусологиялық зертханаға зерттеуге жіберілді.

 
 

Аталған фактіге сәйкес полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі “Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

Тәртіп сақшылары азаматтардан белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды: адамдардың жиналуына жол бермеу, қорғаныш маскаларын пайдалану, жеке бас гигиенасын сақтау, ал көңіл-күйі нашарлаған және жоғары температура пайда болған жағдайда дереу емдеу мекемелеріне хабарлау.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдайды сақтамайтын және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтарға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғанға дейін тиісті шаралар қолданатынын ескертеді.

 
 

[:]