АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Есі кеткен бала шешесінің етегін түртіп ойнайды»: белгілі актер наймандарға күйе жағатындарға өткір сұрақ қойды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Кеше теледидардан көрдім, ол жерде екі полицей бір жігітке: «Его наказывать не буду, его Бог наказал, он женился на найманке» дейді. Ол не сөз?

Белгілі театр және кино актеры Алмат Сақатов наймандарды жамандап, қара күйе жағатындарға наразылығын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сахнада қағытпа қалжыңдарымен көрермендерді күлкігі қарық қылса, кинода көптің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген актер әртістердің аузына «Найман» сөзін сценаристер салып беретінін алға тартты. Көкейіндегі ойды видео арқылы жолдаған Алмат Сақатов былай дейді: 

«Құрметті менің әріптестерім! Әртістер және сол әртістердің аузына сөз салып беретін сценарийстер! Найман сендерге не істеді? Әкеңді өлтірді ме? Қызыңды зорлады ма? Ошағыңды ортасына түсірді ме? Сендерде найманнан басқа тақырып жоқ па?

Кеше теледидардан көрдім, ол жерде екі полицей бір жігітке: «Его наказывать не буду, его Бог наказал, он женать на найманке» дейді. Ол не сөз? Шамаң жетсе әлімді неге мазақтамайсың?  Шамыраштыны неге айтпайсың? Айтыңдар, неғып айтпайсыңдар? Қоңыратты неге мазақтамайсың? Мына жақта Албан мен Суанды неге мазақтамайсың? Батыстағы Адайды неге мазақтамайсың? Айтып көріңдер адай туралы, ертең 5 бала пышақпен келіп тұрсын. «Есі кеткен бала шешесінің етегін көтеріп ойнайды» деген. Найман деген, ол — Қабанбай батыр, басқасын айтпай-ақ қояйын», — деп ойын түйіндеген актердің видео жолдауына оқырмандары гүлден шырын іздеген бал арасындай безілдеп, түрлі пікірлерін білдіре жөнелді.

Бірі «өте дұрыс айттың» десе, енді бірі «сондай жазғыштар өздерінше күлдірем деп бүлдіреді» деп әртістердің сахнадағы, кинодағы рөлдеріне сценарийде рудың атын жазып беретіндерді сынады.

 

[:]