15 октября, 2019 Comments Off on “Ешқайсының ешкімге жаны ашымайды, тек эфирде ғана намысшыл”: “Қалауым” қатысушысының басқалардан қатты көңілі қалған

“Ешқайсының ешкімге жаны ашымайды, тек эфирде ғана намысшыл”: “Қалауым” қатысушысының басқалардан қатты көңілі қалған

"Евразия Бірінші арнасындағы" атышулы "Қалаулым" бағдарламасының бірінші маусымына қатысқан Саяхат Сандикова шындығында барлығы эфирдегідей еместігін айтады. Әсіресе, қатысушылардың екіжүзділігінен әбден көңілі қалған. Жобаның көпшілік біле бермейтін құпияларын Stan.kz ақпарат агенттігіннің тілшісіне айтып берді. 

Екі баласын өзі асырап отырған жалғызбасты ана Саяхат Сандикова 16 жыл бұрын ажырасып кеткен. Алғашында үміткер болып келген Саяхатқа кейіннен ұйымдастырушылар қатысушы ретінде қатысуға ұсыныс тастаған. Ойланбастан қатысуға келісім берген Сандикова шоуда екі ай шамасында қатысқан.  

"Теледидардан көрген бөлек. Тікелей эфирде отырып, образға кіріп, нешетүрлі айқай-шу мен пікір-таластың ортасында боласың", - дейді алғаш барғандағы сезімімен бөліскен ана. 

Көпшілік адамдар шоу бағдарлама болған соң, сенбей жатады. Рөл беріп қойған, құлағына айтып отырады деп жатады. Қаншалықты рас? 

"Қалаулым" шынайы бағдарлама. Сценарий шығар деп мен де ойлағанмын. Бірақ мен өзім қатыстым, маған ондай сценарий берген емес. Жасы үлкен әйел болған соң жастарға ақыл кеңес беріп отырасың деп айтты. Мысалы, Замира ешқандай жасандылығы жоқ, шынайы. Ал басқа қатысушылар бетіне маска киіп, эфирде басқаша, өмірде басқа болып отырады деп айта аламын. Бірақ алдын-ала, сценарий,  рөл береді дегенге келіспеймін", - деген экс-қалаулымдық мойындағысы келмесе де артынан қатысушыларға сөйлейтін уақыты мен сөзін алдын-ала құлағына "сыбырлайтыны" туралы айтып қалды. 

саяхат

"Олардың құлағына не деп сыбырлайтынын бізге айтпайды. Ұйымдастырушылар әр қатысушыны жеке шақырып алып айтады. Жеке өзіме келіп ондай тапсыра бермеді. Бірақ айтатын сөздерін үйретіп жатқандарын көрдім. Қазір солай айтасын, мынаны көмесің немесе пікірін қолдайсың дегендерін естідім", - деп жасырмай шынын айтты.  

Жобада небәрі екі ай отырған Саяхат бағдарламаға теңін тауып, шаңырақ көтерем деп үттенгенін айтып сендірді. Ал қатысушы болып келген жас қыздар мен жігіттердің өмірден теңін таба алатынын, олар тек танымалдылық үшін келіп отырғанына әбден көзі жеткен.

"Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Бірақ "Қалаулымның" үш маусымында келген қатысушылардың 80%-ы екіжүзді, мұқтаждықтан емес, хайп үшін келгендер. Соған көзім жетті. Барлығы сұлу, әп-әдемі жігіт-қыздар. Олар шоуға инстаграмда оқырман жинау үшін немесе арзан пиар үшін барады", - деген Саяхат жобадан кейін қатысушылардың адам танымай, жұлдыз болып, танауы аспандап тұрғанын айтады. 

"Бәрі жұлдыз, бәрі аспанда жүр. Бұрынғы қатысушылардан санаулы ғана адаммен араласамын, үлкен адам екен деген сыйластық жоқ. Шыны керек, қатысушылардан қатты көңілім қалған. Оларға сөзімді қор қылғым келмейді. Жастармен алысып, ұрысып отырғым келмейді. Өйткені, боққа кесек атсаң, бетіңе шашырайды деген сөз бар. Олар бәрібір өздерінің білгендерін қаламайды. Танаулары аспандап, адам танымай кеткен. Мәңгілік осылай жүреміз деп ойлайтын сияқты", - дейді ол.

Ішетін тамағы, киетін киімі, барлығы бартермен келетінін айтқан Саяхат инстаграмдағы танымалдылықтың арқасында тіпті кейбіреулері туристік компаниялар арқылы шет ел көріп келіп жатқандар бар екенін айтады. 

саяхат

Бағдарламаға барғанына өкінбейтінін, танымалдылық бергенін, "Қалаулымның" арқасында инстаграмда оқырмандар саны өсіп, табыс тауып отырғанын айтқан Саяхат бағдарламаға емес, қатысушыларға өкпесі қара қазандай.  

"60-70 үміткердің ішінде әдемісі де, ауқаттысы да келді. Ешқайсысын ұнатпады. Қалайша сонша үміткердің ішінен бір адамды таба алмайды? Міне, осыдан-ақ олар теңін табу үшін бармағанын байқауға болады", - деген Саяхат бағдарламаға жастарды емес, орта жасқа келіп теңін таба алмаған немесе ажырасқандарды қатыстыру керек деген ұсынысын айтып қалды. Өйткені, "жастарда бет жоқ, ұрысса да, қырылса да танымал болуды ойлайды" - дейді.  

Сондай-ақ, қазағым деп көкірегін ұрып отырған жігіттер мен қызымды бөтенге бермеймін деп "намысын жыртатындардың" сөзі туралы: 

"Оның бәрі бекер, жасанды. Ешқайсының ешкімге жаны ашымайды.Тек эфирде ғана намысшыл", - деп ащы да болса шындықты айтты. 

Айта кетсек, қазір жобаның үшінші маусымы жалғасып жатыр. Ол "Евразия Бірінші арнасында" "Қалауым Live" атауымен шығып жүр.

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

 Stan.kz 

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.