АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ержан Максим Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті[:]

[:kz]

Ержан Максим Мәскеуге асқақ армандарын іске асыру үшін келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің инстаграм парақшасында жарияланды.

Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетов «Голос.Дети» байқауының күміс жүлдегері Ержан Максиммен кездесті.

«Жылы шырайлы кездесу өтті. Ержан «Голос.Дети»  байқауынан кейін өмірінде қандай қызықты жайттар болып жатқаны туралы және алда қандай жоспары барын айтып берді. Иманғали Тасмағанбетов жарқырап келе жатқан жұлдыздың әр ісіне сәттілік, ал Ресей астанасында уақытын пайдалы өткізуін тіледі», — деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

[:]