АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ермахан Ыбрайымов екінші жұбайымен бірге тұратынын мойындады[:]

[:kz]

Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ыбрайымов «Хабар» арнасының «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында екі бірдей жанұясы жайлы айтып берді. Спортшы бүгінгі таңда екінші жұбайы Айжанмен Алматы қаласында тұрып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Ермахан Ыбрайымов екінші жұбайымен. Фото: "Ережесіз әңгіме" бағдарламасынан.

Ермахан Ыбрайымов екінші жұбайымен. Фото: «Ережесіз әңгіме» бағдарламасынан.

Ыбрайымовтың сөзінше, оның бірінші жұбайы Америкада үлкен ұлымен бірге тұрады.

Ал чемпионның өзі кіші әйелі Айжанмен Алматыда тұрады.

«Үлкен отбасым Америкада, Нью-Йоркте тұрады. Үлкен ұл сол жақта оқитын болғаннан кейін, соның жанында. Ал қазір Алматы қаласында Айжан деген жеңгелеріңмен тұрып жатырмыз», — деді Ермахан Ыбрайымов.

Спортшының екінші әйелі Айжанның айтуынша, балалары әкесі іссапардан келгеніне қатты қуанады екен.

Айжан Ыбрайымова күйеуінің ақкөңіл, қамқор адам екенін жеткізді.

«Ол менің телефон тұтқасын көтермей қалғанымды ұнатпайды. Кешкілік оңаша отырып, барлық мәселе жайлы ашық әңгімелесеміз. Ол үй тірлігіне өте пысық. Шахматты жақсы ойнайды. Өз жауапкершілігіне алған жұмысты жауапкершілікпен атқарады.

Ол аяқтамай тастап кеткен іс жоқ. Оның басты арманы — олимпиада чемпионын тәрбиелеу. Сондай-ақ, ол зейнетке шығып, ауылшаруашылықпен айналысуды армандайды», — дейді Айжан Ыбрайымова.

 
  

[:]