24 февраля, 2020 Comments Off on Ерлі-зайыпты педофилдер: кәмелетке толмаған қызды туған анасы мен өгей әкесі зорлаған

Ерлі-зайыпты педофилдер: кәмелетке толмаған қызды туған анасы мен өгей әкесі зорлаған

 

Сот шешім шығарар кезде қызға психологиялық тұрғыдан қиын болмау үшін оның бұған дейін берген түсініктемесін ескерген.

Ерлі-зайыпты педофилдер: кәмелетке толмаған қызды туған анасы мен өгей әкесі зорлаған

Фото: Khabar.kg
Анасы туған қызын, қазіргі күйеуіне (зәбірленген қыздың өгей әкесі) зорлауға рұқсат беріп ғана қоймай, өзі де сол іске қатысқан. Бұл зорлық-зомбылық әрекеті туралы полицияға қыздың туыстары хабарлаған.

 Осы іске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, қызға бір жыл бойы зорлық көрсетілген. Бастапқыда бұл отбасының жақындары мұндай сорақылық жайлы мүлдем білмепті. Қыз кейін басындағы жайтты жақындарына айтып, олардан көмек сұраған. Оны білген туыстары дереу полицияға хабарласқан. 

Осындай кейін зәбірленуші қыздың өгей әкесі мен туған анасы қамауға алынды. Сарапшылар 2006 жылы туған қызға қатысты азғындық пен зорлық жүйелі түрде жасалғанын анықтады. Нәтижесінде, ерлі-зайыптыларға қылмыстық кодекстің 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") айып тағылды.

 Сот шешім шығарар кезде қызға психологиялық тұрғыдан қиын болмау үшін оның бұған дейін берген түсініктемесін ескерген.

Енді зәбірленуші қыздың өгей әкесі - 21 жыл, туған анасы - 16 жыл түрмеде отырады. 

Загрузка...

Комментирование закрыто.