АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ерлан Сағадиев: «Мектепте хиджабқа тыйым салынған, бұл шешім өзгерген жоқ»[:]

[:kz]

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқу жылы басталуы қарсаңында ведомствоның қазақстандық мектептерде хиджаб киюге қатысты ұстанымын айтты деп жазады Tengrinews.kz.

«Хиджабтарға келсек: оған мектептерде тыйым салынады. Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Балаларды бөлек оқыту дегенді діни оқытумен шатастырудың қажеті жоқ. Оқу қандай болса да, мектеп бағдарламасы барлығына бірдей. Ол сол күйі қалады, сондықтан да білім беру жүйесі жалпыға ортақ мемлекеттік стандарттар аясында жүргізіледі. Бұл барлығына қатысты», — деді Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

БҒМ басшысы қоғамның бұл мәселеге түсіністікпен қарайтынына сенетінін айтып өтті.

Tengrinews.kz.

[:]