АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Ерлан Қошанов: «Депутаттар Нұр-Сұлтан қаласының атын өзгертуге ұсыныс бермейді» [:]

[:kz]

 

Ерлан Қошанов деген кісі «депутаттар Нұр-Сұлтан қаласының атын өзгертуге ұсыныс бермейді» депті. Тәп-тәуір сеніммен айтқан (?! құдды өзі шешетіндей)… Қошанов — рас, спикер, мемлекеттегі президенттен кейінгі, заң бойынша үшінші кісі. Бірақ, бұ кісі, ең алдымен — Мәжіліс депутаты. Депутаттық мандаты — Перуашевпен, Сайыров не Әшімжанмен, Тәжмағамбетовамен, Әбдіғалимен, тіпті коммунист Ахметбековпен бірдей адам. Былайша айтқанда жұрт сайлаған «халық қалаулысы». Депутаттық мандат тұрғысынан дәрежелері бірдей, тең атаның баласы. Тек бір айырмасы — Қошанов спикер, сайыровтар пехота. Яғни, парламенттің жиынын өткізіп, реттеп, сөз беріп отыратын модератор, құжатын реттеуге құқығы бар, кабинеті кеңдеу лауазым иесі ғана…. Ал қарапайым депутаттың ұсынысы мен қалауына, мәлімдемесіне, ел үшін шырылдаған (пафос, ә?!) сөзіне тіке ықпал етуге, бұйыруға қақысы жоқ. Бірақ, сөйте тұра: «депутаттар Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге ұсыныс бермейді» деп сенімді түрде айта береді. Міне сізге «Жаңа Қазақстанның» жаңа спикері. Қасым Аманжолдың Facebook парақшасынан

© Oinet.kz

[:]