АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Ерекше шығарып салды: 14 бауыры бар қыз ұзатылды (видео)[:]

[:kz]

14 бауыры бар қыз ұзатылды. Бауырлары гүл шоғын ұсынып, қалыңдықты шығарып салды. Бойжеткенді оң босағадан әнші Айдар Тұрғамбек ұзатты. 

14 бауыры бар қыз оң босағадан ұзатылды. Бойжеткенді әнші Айдар Тұрғамбек ұзатты. Әнші тойды өзі басқарып, көзімен көргенін айтты. 

“Қарындасымыздың 14 бауыры 14 букет гул беріп ерекше көрініске куә болдық. Қазақтың әрбір ер-азаматы қарындасын осылай құрметтесін. Қазақ қызы әрқашанда бағалы”, – деп жазды Айдар Тұрғамбек. 

Қалыңдықтың інілері әпкесіне бақыт тілеп, тілегін арнады. Гүл шоғын ұсынды. Бойжеткен көз жасына ерік беріп, көңілі босады. 

“Бақыты, бағы жанған қыз екен. Бақытты болсын.Тірегі көп, босағасы теңселмесін”, “Ой кандай керемет, бакытты кыз. Айналайын бакытың баянды болсын”, “Осынша баланы дүниеге әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ата-анаға мың тағзым!”, “Керемет немереме жұғысты болсын”, “Өте керемет, айналайын бағың ашылсын, бақытты бол. Кім болсаң да қазақ қызы бақытты болуға тиіс”, “Өмірде қыздың жолы қиын дейді. Қызына кім жақсылық тілемейді. Жарыңмен әрқашанда бақытты бол, осы ғой біздей жанның тілегені деп Құдайдың ақ бата жарылқауын, рахымын, сүйіспеншілігін тілеймін. Құдай жар болсын сендерге”, –деп жазды желі қолданушылары. 

 
 

[:]