АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ер адам кішкентай қызды ойын автоматының ішіне кіргізіп, ойыншықтарды ұрлап кетті (видео)[:]

[:kz]

АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатындағы Салем қаласында ер адам кішкентай қыздың көмегімен ойын автоматын тонап кетті.

Бұл туралы New Hampshire Union Leader басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам енді ғана жүре бастаған кішкентай қызбен және 5-7 жас шамасындағы ұл баламен бірге сауда орталығына келген. Олар ішінде түрлі сыйлық ілініп тұрған ойын автоматының жанына аялдаған. Автоматтағы сыйлықтардың бірін алу үшін, тетіктермен басқарылатын қайшының көмегімен бауды кесу керек екен.

Ер адам сауда орталығына келушілердің көзінше кішкентай қызды сыйлық берілетін тартпа арқылы автоматтың ішіне кіргізген. Мұнан кейін бүлдіршін автоматтың ішінде ілініп тұрған заттарды жұлып алып, сыртқа қарай шығара бастайды. Куәгерлердің сөзінше, автоматтан ұрланған сыйлықтардың ішінде ойын приставкасы, қалта консолі тәрізід бағалы  заттар болған. Артынша ер адам кішкентай қызға автоматтың ішінен шығуына көмектесіп, балалармен бірге кетіп қалған.

Салем қаласының полициясы куәгерлер камераға түсіріп алған видеоны жариялап, ұрлық жасаған ер адамды табу үшін тұрғындардан көмек сұрады.

http://stan.kz

[:]