16 апреля, 2019 Comments Off on Енесімен танысуға барып, жоғалып кетті: полицейлер жүкті қызды іздеп жатыр

Енесімен танысуға барып, жоғалып кетті: полицейлер жүкті қызды іздеп жатыр

 

18 жасар Аружан Шабарбек Жамбыл облысына сүйіктісі үшін барып, хабарсыз кеткен. Соңғы рет оны Тараз автовокзалында бір бұрын көргендер бар. Одан бері қыз туыстарымен еш байланысқа шықпаған. Жоғалған қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылғанмен, әзірге еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеп, Stan.kzақпарат агенттігі. 

Жоғалған қызын іздеген ана үш аптадан бері жанын қоярға жер таппай жүр. Өтіп бара жатқан адамдардан сұрап, хабарландырулар іліп шаршаса да Венера Байзакова қызының міндетті түрде үйге оралатынына сенеді.

"Баламның үйге аман-сау қайтып келгенін тілеймін", - дейді Венера Байзақов.

Анасының айтуынша, Аружан Қуандық есімді жігітпен  интернетте танысқан. Қысқа қарым-қатынастан кейін жігіт үйленуді ойлаған. Қалыңдықты іздеп, Есікке барған. Бір-екі ай бойы болашақ енесінің үйінде қонақ болған Қуандық қоштаспастан қызды алып Таразға кеткен.

Алғашында байланыста болған қызына кері қайтуын анасы талап еткен. Жоспарлы ем алу керек болған Аружан жаңа үйінде өзін жайсыз сезінетінін де айтқан.

"Қызым маған: "Мен онымен бірге тұрмаймын,ол маған қажет емес. Ол мені ұрды" деп айтты. Сонда оған: "егер сені ұрса, ол саған не үшін керек?" дедім. Егер қызым Есікте болса осы уақытқа дейін келетін еді. Қуандық оны Тараздың  бір жерде зорлап ұстап отыр", - шарасыз ана. 

Stan.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.