АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еңбек министрі Мадина Әбілқасымова қызметінен кетті [:]

[:kz]

Мадина Әбілқасымова қызметінен кетіп, орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды

 Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын», — деп жазылған президенттің жарлығында.

Бұған дейін министрлікті Мадина Әбілқасымова басқарған еді. Ал Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды. 

Бердібек Сапарбаев туралы не білеміз?

 
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша білім алған. Ол – экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Задарьинский совхозында жұмысшы қызметінен бастады (1969-1971 жж).

2007 жылдың 27 тамызынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, 2009 жылдың 4 наурызынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған.

2014 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың қыркүйегі аралығында премьер-министр орынбасары болған, ал 2015 жылдың 11 қыркүйегінде президент жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 

sputniknews.kz/

[:]