Жамбыл облысындағы өрт болған жерден соңғы күндері табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми сайтында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

“Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған үш мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды.

Олар:

– 1-ші ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,

– 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж. т.,

– 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т.

Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның қызметкерлері”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: