АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордалық сақтандыру қорында ұн мен қант қана қалған еліміз Қырғызстанға мың тонна ұн жөнелтті[:]

[:kz]

Қазақстаннан ұн келетін болған соң, Қырғызстанның мемлекеттік материалдық қорларының қоймасынан көп орын босатылды.

Қырғызстан үкіметі бұл гуманитарлық көмек ең алдымен елдегі мұқтаж жандарға берілетінін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жаған  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге салайық, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуірде өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінде Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн бөлу туралы шешім қабылдаған еді.

Қазақстаннан ұн келетін болған соң, Қырғызстанның мемлекеттік материалдық қорларының қоймасынан көп орын босатылды. Ел билігі коронавирус індетімен күресе отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Сол себепті, бұл гуманитарлық жүк айыр қалпақты ағайындарымызға үлкен жәрдем болғаны айқын.

«Мұны Қазақстан халқының игі қадамы деп санаймын. Бүгінде қос ел де індетпен күресіп келеді. Бұл шараны екі мемлекеттің президенттері мен премьер-министрлері қолдады. Әрине, Қазақстан халқы біздің індетті тезірек жеңгенімізді тілейді», — деді Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрі Эркин Чодуев.

Гуманитарлық жүктің алғашқы партиясы 12 вагонмен жеткізілді. Бірінші сұрыптағы ұнның 16 мың қабы тиелген. Ұнның бұл түрі нан мен өзге өнімдерді пісіру үшін қолайлы. Жүк Қырғызстанға екі апта ішінде жеткізілді. Жергілікті теміржолшылардың айтуынша, бұл әдеттегіден едәуір жылдам.

«Үкімет бүгін халқымыздың осал топтарына гуманитарлық көмек бөлу мәселесін шешеді деп ойлаймын. Төрт транш болады. Солтүстіктегі Бішкек-1 және Балықшы стансаларына. Қалған екі транш оңтүстіктегі Кара-Суу және Жалал-Абад стансаларына жөнелтіледі», — деді Эркин Чодуев.

Үкімет ұнды елдің барлық аумақтарына жеткізу үшін арнайы кесте құрды. Ең алдымен әл-ауқаты төмен халықтың үлесі көп өңірлер қамтылады. Үш мың тоннасын Шу, Ыстықкөл және Нарын облыстарында тегін үлестіреді. Ал Ош және Жалал-Абад облыстарының әрқайсысына 1 мың тоннадан жеткізіледі.

[:]