АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордалық қарт қатерлі ісіктен қарт керосин ішу арқылы айығып кеткеніне сенімді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Бір ай шай қасықпен ішкізді, ары қарай 25 күн үлкен қасықпен іштім», – дейді ол. Содан кейін қарияның жағдайы жақсарған көрінеді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Наурызбай Жанпейісов тұрмыстық керосин ішіп, қатерлі ісікті жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ, Qazaqstan телеарнасындағы «Ниет» бағдарламасына сілтеме жасап.

Наурызбай Жанпейісов 1952 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. 2000 жылдың басында отбасымен бірге Астанаға көшіп келген. Айтуынша, 2013 жылы өті ауырып, ота жасау арқылы оны алдырып тастаған. Содан кейін денсаулығы нашарлай бастапты.

«2014 жылы қаңтардан бастап денсаулығым тіпті нашарлай бастады. Шамамен 13-14 қаңтарда інім таныс дәрігерім бар деп ауруханаға алып барды. Дәрігер тексеріп, шлангы жұтқызды. Сосын комиссия келеді, бүгін қолым тимейді деді. Бірақ, ашығын айтайын, екі-ақ сағат өміріңіз қалды, ары кетсе екі күн өмір сүресіз деді», – деп еске алды ақсақал.

Осыдан кейін ол тұрмыстық керосинмен қалай емделгенін айтып берді.

«Ауылдағы Орынбай деген інім тұрмыстық керосинді қайнатып, дайындап алып келді. Ол маған жағдайым нашар болғандықтан, дәрі ішуге болмайтынын ескертті. Інім керосинді суға қайтанып ішу керектігін, иісі шығатын болса, тұзбен арластырып қайнату қажет екенін айтты», – дейді Наурызбай Жанпейісов.

Ақсақал тұрмыстық керосинді бір жарым айдай ішкен.

«Бір ай шай қасықпен ішкізді, ары қарай 25 күн үлкен қасықпен іштім», – дейді ол. Содан кейін қарияның жағдайы жақсарған көрінеді. Дәрігерге көрінгенде, терапевт оған осы қабылдаған емі жететінін, енді химия алудың қажеті жоқ екенін жеткізген.

Ал химиотерапия дәрігері Меруерт Әбдіханова ақсақалдың дерттен жазылуына керосиннің көмегі тимегеніне сенімді.

«Менің ойымша, бұл кісі керосиннен жазылған жоқ. Екінші ота жасалған кезде қатерлі ісікті толығымен алып тастаған. Бір рет ота жасау арқылы қатерлі ісікті жоюға болады. Бұған аурудың бастапқы кезеңінде анықталуы және ісіктің қай жерде орналасқаны да байланысты», – деді ол.

 

[:]