АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордалық бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев бұған дейін де жасөспірімді ажалдан арашалап қалған [:]

[:kz]

 

 

Астаналық 3 жасар бүлдіршінге екінші рет өмір сыйлаған қызылордалық Сәбит Шонтақбаев бұған дейін де бір жасөспірімді ажалдан арашалап қалған, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған kaz.nur.kz

Оқиға осыдан  он үш жыл бұрын болған.

2009 жылы Сәбит қалалық жағажайда суға батып бара жатқан 15 жастағы қызды көріп, дереу суға секіріп, оны құтқаруға тырысқан. Ол басына төнген қауіпті де елемеген. Тек бар ойы қызды жағаға алып шығу болған. Абырой болғанда, жасөспірім аман қалған. Сәбиттің бұл ерлігін көпшілік білмейді, өзі де ол әрекетін батырлық деп санамағанын айтады. Ал елордадағы ерлігі дүйім жұрттың әлі аузында жүр.

Сәбит өзі де басында түс көргендей болғанын  жасырмайды. Алайда бүлдіршінді құтқаруға ұмтылған сәтте сый-құрмет, атақ-даңқты емес, баланың амандығын тіледім дейді ол. Себебі, терезеге ілініп тұрған қыз балаға қарағанда, өзінің кенже ұлы есіне түскен. Тіпті Сәбит 7 қабаттың биіктігін де байқамағанын жеткізді. «Мен ол сәтте төменге қарамағанмын, тек балаға қарай бергенмін, қолды жіберіп қоймай ма, ұстап үлгерейін деген оймен. Сұхбат беріп, қалай болғанын көрсеткен кезде ғана жетінші қабаттың қаншалықты биікте тұрғанын байқадым.

«Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады» дейді Мейірімділік болса, бәрі болады», — дейді Сәбит Шонтақбаев. Материал авторы: М. Тоқтасынқызы Еске салсақ, 11 мамырда елордада көпқабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер адамның құтқарып қалғанын жазған едік. Кейін ол оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді. Сондай-ақ осы батыл әрекеті үшін Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек батыр азаматқа елордадан үш бөлмелі пәтер берілді. Сонымен қатар Сәбитке бүлдіршінді құтқаруға көмектескен тағы бір азаматтың есімі белгілі болд. Ол — Сағи Жылқышиев.

Желі қолданушылары Сағидың да ерлігін назардан тыс қалдырмауды сұраған соң, ол да мараптталып, астанадан пәтерлі болды.

kaz.nur.kz

 

[:]