АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордада жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысынан өрт шықты[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан салынып жатқан мешіттен өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мешіттен түтін шығып жатыр. Қандай да бір сұйықтықты жағып жатыр ма, түсініксіз. Мүмкін өрт», — дейді өртті видеоға түсірген кездейсоқ куәгер. 

 

Өз кезегінде қалалық Төтенше жағдай департаменті өрттің болғанын растады. 

«Сағат 10:01-де Есіл ауданы, Мәңгілік ел 81 мекенжайында жаңадан салынып жатқан мешіттен бөлек тұрған көлемі 50 шаршы метр болатын қойма өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға 16 маман және 3 техника жұмылдырылды», — деп хабарлайды департамент. 

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы бас мешіттің құрылысы құлап қалғаны айтылған еді. 

[:]