АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Елордада лифт ішінде соққыға жығылған әйел қызғаншақ күйеуінен төрт жылдан бері қорлық көргенін айтты[:]

[:kz]

 

Елордада лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамның әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Жәбірленуші күйеуі оны тіпті өз туыстарынан да қызғанғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

уыр соққы мен тепкіден әйелдің төрт жерден сүйегі сынып, миы шайқалған.

Отасқан төрт жылда көрген қорлығым тек бұл емес дейді ол. Енесі осындай отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресіп, әйел мен бала құқығын қорғап жүрген белсенді екен.

Аружан жолдасы Елнұр Байметовпен 2018 жылы отау құрған. Орталарында екі бала бар. Келіншектің айтуынша, көрмегені жоқ. Ұрған,соққан, буындырған. 20 градус суықта балконға қамап қойған.

Көп жағдайға жанжалға шектен тыс қызғаныш себеп болады екен. Тіпті соңғы кезде өз туысқандарынан да қызғануды шығарды дейді Аружан. Желіде тараған видеоға да сондай жағдай себеп болыпты.

“Біз екеуміз менің туыстарымның шақыртуымен караокеге бардық. Бір сәтте мен қолыма микрофан алып ән шырқай бастадым. Екінші микрофонды күйеу балам, яғни сіңлімнің жолдасы алып қосылды. Күйеуім дереу ұялы телефоныма қорқытып хабарлама жіберді. Кеш тарқап үйге келгенде жедел саты есігі жабылмай жабып мені ұра бастады. Мен жерге құлап қалдым”, –дейді жәбірленуші Аружан Байметова.

Бірақ жолдасының сол күнгі төмпеші мұнымен бітпепті. Айтуынша, күйеуі өздерін үйге жеткізіп тастаған інісімен бірге болдың деп, әйелін тағы соққының астына алған. Бірақ полиция бұл деректі ескермей отыр дейді Аружан. Жалпы сол күнгі соққыдан келіншектің төрт бірдей сүйегі сынып, миы шайқалған. Ал енесі болса, бұл бәріміздің басымыздан өткен жағдай деп жұбатады екен.

“Оның ата-анасы жанжал үстінен түскенде оны сабырға шақыруға тырысатын. Оның анасы менімен өте көп сөйлесетін. Барлығы жақсы болады деп сендірді. «Барлық ерлер осылай ұрады, мені де ұрды, менің әжемді де ұрды» дейтін. Мен осы сөздердің маған әсер ете бастағанын да байқамай қалыппын”, – дейді жәбірленуші.


Сол сабырға шақырған енесі Шымкент қаласындағы белсенділердің бірі екен. Дәлірек айтқанда, балалар мен әйелдер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы. Ұлы желіні шулатқаннан кейін Гүлайым Шұңғараева әлеуметтік желідегі парақшаларын түгел өшіріп тастаған. Өзімен телефон арқылы тілдескенде «баламды қолдамаймын» деп отыр. Бірге тұрғанда ешқандай оғаш қылығын байқамадым деп ақталды.

“Бұл жағдайды айтып өтерім, әрине, қолдамаймын. Бірақ бұл Астанада болған оқиға. Төрт жарым жыл бойы балам мен келінім менің қолымда тұрды. Ешқандай мұндай нәрсе, әуестік, қол жұмсау деген болған емес”, – дейді күдіктінің анасы Гүлайым Шұңғараева.

Әйел құқығын қорғап жүрген белсенділер мұндай жағдайдың көптігін, бірақ басым бөлігі жабулы қазан күйінде қалатынын айтады. Жыл басталғалы төрт айда тағы 300-ден астам дерек анықталған. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың маусымынан бастап жаңа жүйені ойластырып қойыпты. Енді жәбір көрген әр азаматтың дерегі арнайы кітапшаға тіркеледі.

“Бірінші маусымнан бастап ел бойынша жаңа жобаны бастаймыз. Енді денсаулық сақтау ұйымдарына шағымданған әр азаматты арнайы журналға тіркеп отырамыз. Яғни зорлықзомбылық, ұрып-соғу, жәбірлеу фактілері барлығы жазылады. Осылайша тек қана тұрмыстық  емес, барлық зорлықзомбылықты анықтай аламыз”, – дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Ал лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107, яғни денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру  бабымен  қылмыстық іс қозғалған. Жігіттің өзі бостандықта. Оны ешқайда кетпеу туралы  қолхатпен жіберген. «Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді» деп, қысқа қайырды тәртіп сақшылары. Ал жолдасынан зәбір көрген Аружан Байметова жақын күндері заңды түрде ажыраспақшы.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі әйелін лифтте ұрған сәті бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

[:]