АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елордада 8-қабаттан құлай жаздаған қызды құтқарған екінші азамат марапатталды[:]

[:kz]

 

Бүгін елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевқа сегізінші қабаттың терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қызды құтқаруға көмектескен Сағи Жылқышиев марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды. 

Айта кетейік, 11 мамырда елордада көп қабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер адамның құтқарып қалғанын жазған едік. Кейін оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді. Сондай-ақ осы батыл әркеті үшін Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек батыр азаматқа елордадан үш бөлмелі пәтер берілді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сәбит Шонтақбаевпен кездесіп, әкімдік оның жұмысқа тұруына, несиесін жабуға, сондай-ақ Қызылордадағы отбасын астанаға көшіріп әкелсе, жұбайының жұмысқа тұруына, ал балаларын мектепке және балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтты. Сонымен қатар желі қолданушылары Сәбит Шонтақбаевты сақтандыру үшін аяғынан мықтап ұстап тұрған Сағи Жылқышиевті де назардан тыс қалдырмауды сұраған болатын. Көп ұзамай Сағи Жылқышиев та пәтерлі болды.

kaz.nur.kz

 

[:]