АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еліміздің бас санитар дәрігері: Менің жалақым өскен жоқ[:]

[:kz]

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова эпидемиялогиялық ахуал жағдайында жалақысының көтерілмегені жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас мемлекеттік санитар дәрігерге қазіргі еліміздегі эпидемиялогиялық ахуал кезінде жалақыңыз өсті ме деген сұрақ қойылыпты. 

 

«Менің еңбекақым сол күйі өзгермеді», — деп жауап берді Есмағамбетова. 

Сондай-ақ ол елімізде коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген барлық дәрігерлер үстемақыға ие болып үлгергенін атап өтті. 

Еске салайық, мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл шараларға бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінген. 

Үстемақы көлемі 200-800 мың аралығын құраған. Орташа түрде бір ақ халаттыға 300-320 мың теңге төленген. Коронавирусқа шалдыққандарды емдеп жүрген дәрігерлер тамыз айына дейін үстемақыға ие болады. 

[:]