АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еліміз қара жамылған күні Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері асыр салып той тойлаған (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Картинки по запросу Еліміз қара жамылған күні
Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге «туған күнде болдым» деп отыр.

Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жалпыұлттық аза тұту күні жаңа жыл тойлапты. Ұшақ апатына қатысты жарияланған қаралы күндегі олардың бұл әрекеті тұрғындардың ашу ызасын туғызған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басшылардың бассыздығына ашынған ерейментаулықтар полицияға хабарлапты. Бірақ оларды тоқтатқан ешкім болмады. Сол күні президент жарлығымен аза тұту күні жарияланып, республика бойынша ойын-сауық іс шаралары кейінге шегерілген еді.

Бірақ, бұл қайғылы жағдайға да, президент жарлығына да, Ерейментау ауданының әкімі мен қызметкерлері селт етпеген сыңайлы. Жаңа жылдық кеште жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында асыр салып той тойлаған.

Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге «туған күнде болдым» деп отыр.

«Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де, шықтым, бір туысымның… несіне…  жолдасыммен. Беретінімді беріп,құттықтап шықтым», — дейді Ерейментау ауданының әкімі.

[:]