АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елден оңбай сөз естіген Айдар Тұрғанбек 45 қызды ұзатып үлгерген (видео)[:]

[:kz]

Осыдан біраз уақыт бұрын қыз ұзатуды табыс көзіне айналдырған Айдар Тұрғанбек 45 қызды құтты орнына қондырып үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали ӘбдірайымовInstagramпарақшасында айтып берді.

«Осымен Айдар Тұрғанбек ұлдарыңыз 45-ші қарындасымызды «Қарындасқа тілек» әнімен, құтты орнына шығарып салды. Салт-дәстүрді өрескел бұзған дүние көрмей тұрмын. Сіздер қалай ойлайсыздар?», — деп жазды продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше ай бұрын Айдар Тұрғанбектің қыз ұзатқан видеосы желіге тарап кетіп, қызу талқыға түскен болатын.

Алайда арнайы ән жаздырып, қыз ұзатуды табыс көзіне айналдырған «Жігіттер» тобының әншісіне өнердегі әріптесі Өмірқұл Айниязов пікір білдіріп, ақша үшін жаңа дәстүр шығаруға болмайтынын жеткізді.

 

[:]