Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Facebook әлеуметтік желісінде қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

“Бүгін мен қиын таңдау жасадым. Ол сарайға басып кіруге ұмтылған қарулы тәліптермен бетпе -бет кездесу, немесе соңғы 20 жылымды қорғауға арнаған тамаша елімді тастап кету”, – деп жазады президент.

 

Ашраф Ғани егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасайтынын айтады. Бұл бейбіт тұрғындардың қан төгуіне соқтыратын еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, тәліптер қылыш пен қару -жарақ шайқасында жеңіске жетті және енді өз отандастарының намысы мен байлығын қорғауға толық жауапкершілікті алады.

“Бірақ олар жүректерді жаулай алмайды. Себебі, заңды түрде билікке келмеді. Тарихта бұрын -соңды ешкімге заңдылықты берген бір билік болған емес. Оларға да бермес”, – деп жазды Ғани.

Еске салсақ, бұған дейін талибандардың Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғаны айтылған еді. Ел президенті Ашраф Гани биліктен бас тартып, мемлекеттен кетуіне мәжбүр болды. Сондай-ақ “Талибан” қозғалысының ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жария етті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. 

Рубрика: