Ақпанда экс-министрдің адвокаты үй қамақта жатқан Біртановқа шаштаразды кіргізуге тыйым салынғанын айтқан болатын

Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үй қамақ мерзімі ұзарды, алайда белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді. Ақпаратты Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко растады.

“Санкция бойынша, екі аптаға созылды, 14 мамырға дейін. Үйден 08.00 мен 19.00 аралығында шығуына рұқсат етілді”, – дейді адвокат. 

Ақпанда экс-министрдің адвокаты үй қамақта жатқан Біртановқа шаштаразды кіргізуге тыйым салынғанын айтқан болатын. 

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

Министр ұсталғаннан кейін былтыр 5 қарашада Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы болған еді.

Рубрика: