Ұлттық музей директоры, кезінде Мәдениет және спорт министрлігін басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан туралы пікірін білдірді. Оның айтуынша, Бекболат Тілеухан тірі жанға қиянат жасамайтын ерекше адам. Бұл туралы ол “Қасқа жол” бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Кезінде Бекболат Тілеухан Ресейге қару-жарақ сатты деген видео шықты. Бекболат қайда, қару-жарақ қайда? Бекентай менің жақын досым ғой. Бекболат өмірінде мысықты басынан ұрмайтын адам.

Бекболатты білем ғой, ол адам баласы түгілі, жануарға қиянат істемейтін ерекше адам. Қазақстанның мақтанышы. Қазақ халқыны жаны ашып, шырылдап жүреді, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, өткен жылы Бекболат Тілеуханның Сирияға қару-жарақ сатуға қатысы бар деген видео пайда болды. Бұл видеоға қатысты Бекболат Тілеухан: – Мен туралы жалған ақпарат бар видео таратылып жатыр.

Видеода менің және ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың аты-жөні көрсетілген. Мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ішкі істер министрлігіне тергеу жүргізу, жалған мәліметтер жариялаған адамды табу және оны заңның барлық қатаңдығы бойынша жазалау туралы шағым бердім, – деп жауап берді.

oinet.kz

 

Рубрика: