22 мая, 2020 Comments Off on Екінші рет тұрмыс құрған Жорабаева күйеуі туралы айтты

Екінші рет тұрмыс құрған Жорабаева күйеуі туралы айтты

Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева бірер күн бұрын қыздарының келісімімен екінші рет тұрмысқа шыққанын хабарлап, көпшілікті таңғалдырған болатын. Өнер иесі жүрегін жаулап алған азаматтың кім екенін біле алмай әлек болған жанкүйерлеріне сүйіктісі туралы бар шындықты өзі айтып берді. Белгілі болғандай, көпбалалы әнші өзінен екі жас кіші ер адаммен көңіл қосқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Соңғы екі күнде жеке өмірі қызу талқыланып жатқан Алтынай Жорабаева халықпен байланысқа шығып, ел көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Ол Instagram парақшасына арнайы видео үндеу жүктеп, тың мәліметтермен бөлісті. Екінші рет тұрмысқа шыққан өнер иесінің таңдауы арғын руынан шыққан қостанайлық жігітке түскен. Әнші жолдасының мінезі туралы айтып, жүзікті не себепті ел алдында тақпағанын түсіндірді.

"Қайырлы күн қымбаттыларым. Қалайсыздар? Міне байқағаныңыздай жүзік тағылды. Ол халықтың алдына шығып таққысы келген жоқ. Себебі, ол өзі ұялшақ жігіт, кішкене орыс мінезді. Өнерді онша түсіне бермейді. Халықтың алдына шығу ол үшін аса қиын сияқты көрінеді. Сол үшін оған да түсіністікпен қарайық. Ол туралы қысқаша мәлімет - Қостанайдың жігіті, арғынның жігіті.

 

 

 

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның жолдасы туралы оның келіні айтып қойған болатын. Талғат Жорабаевтың жары қайын әпкесі өзіне одан бетер жақындай түскенін астарлап жеткізді.

 



Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb