АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Екі жарым жыл бұрын жоғалып кеткен бала педофилдің үйінен табылды[:]

[:kz]

Германияда педофил деп күдіктелген азаматтың үйінен екі жарым жыл бұрын жоғалған жасөспірім табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Немістің Рекклингхаузен қаласының тұрғыны балалардың порнографиялық жазбаларын тартты деген күдіккке ілініпті. Оның үйін тінтуге рұқсат алған полицейлер сол жерден жоғалып кеткен 15 жастағы Марвин есімді жеткіншек табылған,

Жасөспірім 2017 жылдың 11 шілдесінде із-түссіз ғайып болған. Сол күні достарымен кездесуге шыққан ол соңғы рет WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама жіберген. Осы уақытқа дейін үйдің қоймасында тұрып келіпті. Оның үстінде екі жыл бұрын киіп кеткен киімдері болған. 

Марвиннің айтуынша, оны таза ауа жұтуға бірден-бір рет шығармапты. Дегенмен оның денесінде жарқаттар анықталмаған. Бозбала үйне қайтарылып, тәртіп сақшылары тергеу амалдарын бастап кетті. 

[:]