Екі қазақстандықтан коронавирус расталды. Олар Германиядан келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Өздеріңіз білесіздер, біз үш айдан бері коронавируспен күресіп жатырмыз. Оның алдын алу үшін барлық шараларды қолдандық. Бүгін бізге Германиядан келген екі азаматтан оң нәтиже алынды, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы ауруханаға жатқызылды. Бұл адамдарда клиникалық белгілер жоқ, олар өздерін жақсы сезінеді, барлық қажетті шаралар қабылдануда”, – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Кеше, 11 наурызда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус пандемиясы туралы хабарлады. Ауру 126 мыңнан астам адамды қамтиды.

Рубрика: