АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Эйфель мұнарасы алдында домбыра шерткен қазақ жігіті қошеметке бөленді (видео)[:]

[:kz]

Қазақстандық вайнер Ербол Хамза Париж қаласындағы Эйфель мұнарасының алдында домбырамен Құрманғазының күйін шертті. Қазақстандық жігіттің өнер көрсеткен сәтін әріптесі Жансерік Қадырбаев өз Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Бейнеролик кадрларынан Ерболдың Қазақстан туын жамылып, әйгілі Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындағанын көруге болады.

Ал қазақтың ұлттық аспабына қызығушылық танытқан Париж тұрғындары мен қонақтары орындаушының маңына жиналып, ұялы телефондарына түсіре бастаған.

Өз өнерін көрсетіп, қошеметке бөленген Ербол болса, қатты толқығанын, тіпті, денесі тітіркеніп кеткенін жасырған жоқ.

Желіде лезде тараған видеоға көпшілік те оң пікірлерін жаудырып, Қазақстанды әлемге танытып жатқан жігіттерге алғыс білдіруде.

 
 

[:]