АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Егде тартқан әжейдің келін болып түскен сәті желіде тарап кетті (видео) [:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде зейнеткер әжейдің келін болып көліктен түскен видеосы таралып кетті. Басына ақ жаулық салынып, екі жеңгесі иығынан сүйеген қарияның видеосы videogram_kazпарақшасында қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

 

Видеодан әжейді өзімен қатар кісілердің қолтықтап көліктен түсіргенін көруге болады. Сондай-ақ, қарткісінің басына ақ жаулық салынған.Ал видеоны түсіріп тұрған ер адам: «Ал орамал құтты болсын! Біздерден сұратып жатқандар көп қой (ред: фото, видео). Қалдыбектің гүлі. Ал құтты болсын», — деп сөйлеген.

Айта кетейік, аулада келінді күтіп отырғандар шашу шашса, әжей қонақтарға сәлем салған.

Естеріңізге сала кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз!

  

[:]