АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дүнгендер кім және олар Қазақстанда қалай пайда болды?[:]

[:kz]

Қазақстанда дүнгендер өз тілдерінде (қытай тіліне ұқсас) сөйлеседі. Бірақ орыс, қазақ тілдерін де жетік біледі. Негізінде «дүнген» этносы орыс тілінде пайда болған, өйткені Қытайда мұндай халық есімі қолданылмайды. Кей мағлұматтар бойынша «дүнген» сөзі түркі тілінен шыққан. Тағы бір жерлерде дүнген қытайдың «тунькэнь» – яғни, шекаралас аймақтағы әскери елді мекендер сөзінен алынғаны айтылады. Сонымен дүнген кім, олар Қазақстанға қалай келді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі іздестіріп көрді.

1862-1877 жылдары қытайдың Шэньси, Ганьсу және Нинься провинцияларында дүнген – хуэйцзу ұрпақтарының кең ауқымды шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс цин әскерлерін жаншып тастаған.

Көтеріліс жасаушылардың жарты бөлігі Жетісуға қоныстану үшін мыңдаған шақырым жол жүрген. 1881 жылы Цин империясы мен Ресей арасында Іле аймағы бойынша келісімшарт жасалған. Келісімшарт бойынша Іле аймағының басым бөлігі (80 пайызы) Цин империясына берілген. Дегенмен, Іле аймағының 23 мың шақырым бөлігі Ресей империясының қолына өтіп, сол елге өткісі келгендерге сонда қоныстануға рұқсат етілген. 

Келісімшарт жасалғаннан кейін ұйғыр мен дүнгендердің қоныс аударуының нәтижесінде Ресей империясы аумағында және КСРО, орталық Азия мемлекеттерінде сол халықтардың ірі диаспоралары құрыла бастады.

Қазақстан аумағына 15276 дүнген қоныстанған. Ал қазір (2014 жылдағы мәлімет бойынша) Қазақстанда 62,0 дүнген этносы өкілдері тұрады. Оның 51,3 мың бөлігі Жамбыл облысында тұрақтанған. Ал көрші Қырғызстан мемлекетінде 60 мың дүнген тұратыны саналған. 

ҚазКСР-нің соңғы халық санағымен салыстырғанда олардың республикадағы саны екі есеге артқан. Дүнгендер Қазақстан бойынша жылдам саны артқан халық ретінде қалған. 

Дүнгендер Қазақстанда ана тілін сақтап қала білді. Әрқайсысы үйінде дұнған тілінде сөйлейді (қытай тіліне ұқсас), бірақ қазақ және орыс тілдерін де жақсы біледі. 

Дүнгендердің тағамдары әртүрлі, ащы қоспалары және дәмдеуіштері  бар. Асхана аспаптары ретінде таяқшаларды пайдаланады. 

Дүнген жанұясында әдетте бала көп. Дүнгендер — еңбекқор халық. Дәстүрлі кәсіптері — егіншілік. 

Дүнгендер Қытайдан алып келген дәстүрлерін сақтайды. Мысалы, үйлену тойлары 100 жыл бұрын қалай өтсе, қазіргі күні де солай тойланады. Қалындықтың жасауын қыз бала дүние есігін ашқан күннен бастап, тұрмыс құратын күніне дейін жинайды. 

Фольклорі қытайдыкіне жақын. Жанрлар арасында сиқыр және тұрмыс туралы ертегілер (гүжір), жалпықытайлық эпостық сюжеттері өзгертілген әңгімелер (фу) бар. 

Бұл халық Синьцзянда Цин Қытайының құрылуы кезінде тараған. Хуэй этногенезі бойынша олар VIII-XIII ғасыр аралығында саудагерлерден тұратын қоғам қытай қалаларында мекендеген араб пен ирандардан құрылған аралас неке ұрпақтарынан тараған. Сол уақыттарда олардың басым бөлігі қытайлық әйелдермен бірге тұрған.

Хуэй немесе дүнген – Ханафи мәзһабының сүннет бағытын ұстанатын мұсылмандар. Оларды қытайлықтар ретінде қалыптастыру жүз жылдан бері (1949—1979 жылдар) сәтсіз аяқталып келе жатыр. Оған Қытайдағы мұсылман қауымдастығының өміршеңдігі және олардың исламдық рухани құндылықтарға деген шынайы сенімдері себеп болып отыр. Жалпы Хуэйдің этникалық топ болып, халық ретінде қалыптасуына ислам діні негіз болған. Хуэй халқының тілі және мәдениеті қытайлықтарға ұқсас. Тіпті Қытай Халық Респбуликасында хуэй кішігірм халық мәртебесіне ие.

[:]