АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дүкеннен «Орбит» ұрлаған ақтаулық тұрғынның басы бәлеге қалды[:]

[:kz]

Ақтау қаласында «Дана» дүкенінен «Орбит» сағызын ұрлаған азщаматқа қатысты сот отырысы өтті деп жазады Маңғыстау облыстың сотының ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтау тұрғыны «Дана» супермаркетінен «Орбит» сағызының үш қорабын ұрлаған. Әр қорапта 10 данадан 30 дана сағыз болыпты.

Айыпталушы жәбірленушіге 13 500 теңге шығын келтірген.

Тараптар бір-бірімен ымыраға келіп, татуласқандарына байланысты, қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

 NUR.KZ.

 
 
 
 

[:]