Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен президент әкімшілігіне тапсырма берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президенттің пайымдауынша, мейрам жексенбі демалыс күніне сәйкес болса да мемлекеттік қызметкерлер дүйсенбі күні жұмысқа шығуы тиіс. Тоқаев осы мәселені қайта қарау жөнінде жауаптыларға тапсырма берді.

“Үкіметке және Президент Әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс”, – деді Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

 
 

 

Рубрика: