23 июля, 2019 Comments Off on “Дұға тіледім”: Арыстағы жарылыста жалғыз қалған бала оқиғасын айтып берді

“Дұға тіледім”: Арыстағы жарылыста жалғыз қалған бала оқиғасын айтып берді

Арыстағы жарылыста жалғыз қалған бала оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Otyrartv арнасына сілтеме жасап.

10 жастағы Саян Қабылов Арыстағы жарылыс кезінде туғандарын қалай тапқанын айтады. Жаттығуға кетіп, ата-анасынан алшақ жүргенде снарядтың атылғанын көрген жеткіншек туғандары үшін алаңдағанын жеткізді. Ол сабыр сақтап, қауіпсіз орын іздегенін есіне алды.

"Барлығының жылап, қашып бара жатқаны есімде. Мен де жыладым. Жалғыз қаламын ба деп ойлап қалдым. Бірақ қорыққан жоқпын. Біз жаттығуда едік. Жаттықтырушымыз бәрімізді жинап, қаша жөнелдік. Спорт алаңының жанында атам тұрады. Біз сол жаққа қаштық", - дейді кішкентай Саян.

Қазіргі таңда арыстық басқа балалармен бірге сауықтыру лагерінде демалып жатқан Саян қалай дұға тілегенін айтып берді. Кішкентай бала өліп қаламын ба деп қатты қорықса да, ата-анасының жағдайын ойлаған. Артынша әжесін тауып алған ол қалай аман қалғанын айтып берді. 

"Мектеп жанды, қорқып кеттім. Өліп қаламын деп ойладым. Қауіпсіз жерге барған кезде бір ағаның телефонынан анама хабарластым. Бірақ сөндірулі болды. Мен барлығы тірі болса екен деп дұға тіледім. Артынша бір тойхананың жанында әжемді кездестіріп қалдым. Екеуіміз бірге қаштық. Сол кезде де дұға тілеуімді тоқтатпадым", - дейді Саян Қабылов.

 Stan.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.