Жазира Байырбекованың жағдайының нашарлауына не себеп болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Жеңіс шоу” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Танымал әнші өміріндегі қиын кезеңдер туралы есіне алып, жан дүниесі қаншалықты күйзеліске ұшырағанын айтып берді. Ол бұл жағдайдан жаныма жақын адамдарым алып шығып, қолдау көрсетті дейді. Әнші сырт көзге білдірткісі келмесе де, жан дүниесі астан-кестең болып жатқан көрінеді. 

“Мені күйзелістен алып шыққан ұлым мен күйеуім. Олар болмаса, мен шыға алмай, ары қарай кетіп қалар едім. Олар жанымнан бір елі қалмады. 2 жылдай жүрдім. Арасында білдіртпей түсірілімге барып келемін, бірақ, ішімнен басқа адаммын”, – дейді Жазира Байырбекова.  

Дәрігерлерде де, емшілерден де ем алып, жағдайын жақсартуға тырысқан өнер иесі сол кездері жағдайының нашарлауына не себеп болғанын әлі күнге дейін түсінбеген көрінеді. Тіпті кімнің сөзіне сенерін білмей қалған шақтары да болғанын жасырмады әнші. 

“Сол кезде молдаларға, емшілерге барсам, олар көз тиген дейді, сиқыр, дуа жасалған дейді. Ал дәрігерлер сен шаршағансың, ұйқы жоқ, уайым көп деп диагноз қойды. Шыны керек қайсысының дұрыс айтқанын білмеймін”, – дейді Жазира Байырбекова. 

Рубрика: