АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Донбастағы сурет түпнұсқа, бірақ ол адам Дужнов емес — сарапшылар пікірі[:]

[:kz]

 

 

Ақбұлақтағы атқыш Игорь Дужновтың Донбаста қызмет еткені туралы ақпарат телеграм арналардың бірінде жарияланды. Суреттегі адам бес кісіні өлтірген күдікті Дужнов па? Оның украиналық «Суть времени» жасағына қатысы бар ма?

Orda.kz редакциясы бұл ақпаратты тексеріп көрді.

«Чиновник» Telegram каналының айтуынша, 2014 жылдың соңында Игорь Дужнов Мәскеу облысында (Мәскеу облысы, Черноголовка қаласы, Николо-Берлюков монастырі) «E.N.O.T corp» жеке әскери компаниясының негізінде әскери дайындықтан өткен.

Сондай-ақ, Шығыс Украина аумағына келгеннен кейін (Дебальцево маңындағы шайқастардан кейін) Дужнов «Суть Времени» жасағына ауыстырылды деген ақпарат пайда болған.  

«Корпорация Енот» ЖӘК (жеке әскери компания) Донбаста, Сирияда және Таулы Қарабақтағы бірнеше әскери операцияларға қатысқан. 2018 жылдың қараша айында Ресей Федерациясының ФСБ осы ЖЭК басшыларын қамауға ала бастады. 2021 жылдың жазында «E. N. O. T corp» соңғы идеологын азаматтарға шабуыл жасағаны және мүлікті ұрлағаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылды.

ЖӘК негізгі доктринасы діни және патриоттық көзқарастар мен Новороссияның шекараларын қалпына келтіру негізінде құрылған.

Суретте Игорь Дужнов па?

Orda.kz суретті алып, сурет саласының сарапшыларына хабарласты. Олар фотоның жалғандығын тексерді.

Сарапшылардың бірі веб-дизайнер Мейіржан Жомартұлы бірден сурет қолдан жасалынбағанын айтты. Бұл суреттің түпнұсқасы, себебі жасанды фотоны бұлай өзгерту мүмкін еместігін жеткізді. Себебі, суретегі жарық табиғи оны қолдан жасау мүмкін емес. Жарық пен көлеңке біркелкі түсіп тұр. Адамның түрі кесілмеген, сондықтан бұл суреттің түпнұсқасы.

Бірақ, веб-дизайнер суретте екі түрлі адам болуы мүмкін деген болжамға келді. Екі адам тек бір-біріне ұқсайды.

Ең қызығы, редакция хабарласқан басқа да сарапшылардың ойы осындай болды.

Сарапшы телеграм арнада суреті жарияланған адам Игорь Дужнов еместігін төмендегідей дәлелдермен көрсетті:

Донбастағы сурет түпнұсқа, бірақ ол адам Дужнов емес - сарапшылар пікірі
  • Игорь Дужновтың қасы сирек келген, ал суреттегі азаматтың қасы қалың.
  • Игорь Дужновтың көзі қоңыр болса, суреттегі бейтаныс адамның көзі көк түсті.
  • Ақбұлақтағы атқыштың мұрны суреттегі адамдікінен кішілеу.
  • Дужновтың ерні жіңішкерек.
  • Игорь Дужновтың иегі домалақтау келсе, суреттегі азаматтікінің жағы анық көрінеді.

Ендеше суреттегі азамат кім?

Orda.kz редакциясы суретте кім екенін анықтау үшін «Суть времени» құрылымымен байланысқа шықты.

– Біз суреттегі адамды білмейміз. Ол ешқашан «Суть времени» отрядында қызмет етпеген. Бұл фото басқа адамдар сияқты. E.N.O.T ұйымымен біз ешқандай байланыста болмағанбыз. Суть времени отряды 2014-2015 жылы қыста Дебальцево аймағындағы ұрыс қимылдарына қатыспады. Дебальцеводан отряд Уикипедия бетінде жазылғандай Хан арнайы жасағының құрамына кірді. Біз бұл адамды және оның жанындағы адамдарды бұрын соңды кездестірмегенбіз. Бізде сіздер жіберген суреттен басқа суреттер жоқ. Біз оны танымаймыз. Бірінші рет көріп тұрмыз, – деді «Суть времени» тәуелсіз қозғалысы.

Еске салсақ, Ақбұлақтық атқыш Игорь Дужнов Донбасс аумағында соғысқа қатысты деген ақпарат тараған. Онда Дужнов Украинаның Донецк облысы аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны туралы айтылған. Дужнов Украинаның шығысындағы соғыс аймағына жіберу үшін еріктілерді жалдаумен айналысатын «Суть Времени» тәуелсіз құрылымының барлаушы тобында қызмет етті деген ақпарат тарап, суреті де жарияланған болатын.

Ал «Суть Времени» тәуелсіз құрылымының баспасөз қызметі Игорь Дужновтың Досбасста соғысқа қатысқанын жоққа шығарды. Олардың айтуынша, «Суть времени» жасағында Қазақстан Республикасының азаматтығы бар адамдар қызмет етпеген. Отряд мүшелерінің ешқайсысы Игорь Дужновты білмейді деген болатын.

[:]