АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дональд Трампқа телефон лақтырды[:]

[:kz]

Белгісіз ер адам АҚШ президенті Дональд Трампқа ұялы телефон лақтырды. Оқиға видеоға таспаланып қалған, деп хабарлайды Stan.kz. 

АҚШ президенті Индианадағы ұлттық атқыштар қауымдастығының (NBA) алдында сөз сөйлеу үшін сахнаға шығып келе жатқанда көрермендер ішінен белгісіз адам телефонын лақтырып жіберген.

Бұл оқиға видеоға түсіріліп, кейін желіде тез тарап кеткен. Кадрда Трамп трибунға қарай жүріп келе жатқан. Көпшіліктің ішінен ұшқан телефон президент сахнаға жақындағанда ғана лақтырған.

Арам ойлы адамды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Анық болғандай ер адам ішімдік ішкен, бірақ оның іс-әрекетінің себептері әлі күнге дейін анық емес, тергеу жалғасуда.

Stan.kz.

[:]