Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы желідегі парақшаға сілтеме жасап хабарлайды. 

 

 

“Сөздің шыны керек, үйде бала-шағамен отырып теледидар көруден қалдық!

Суретші, суретші деген сайын- сақалын бояпты дегендей. Рейтинг көтеремін деп жүріп, ар-ұятты ұмытты бұлар!
Ұлының ұлтарағы шығып, қызына қырық үйден тыйым көрсете алмай жүрген қара қазаққа, онымен қоймай Қалаулымды әкеліп былш еткізді.

Малым- жанымның садағасы,
Жаным- арымның садағасы, деген бабаларымыз ар-намысты бірінші орынға қойды емес пе?!

Құрметті Дина Төлепберген! Бұндай белден төмен бағдарламаңды үйіңдегі әке-шешеңе ғана көрсет!” деп жазды quran_jane_sunnet парақшасы әкімшілігі. 

“Астарлы ақиқат бағдарламасына қарсылық танытқан халық саны өршіп тұр.

Мысалы, Фейсбук желісінде Ақ-Зия Жайлы есімді оқырман төмендегідей пікірін білдірді: 
Қалаулымын” қойдыра алмай жүргенде, 3,5 сағаттық эфирі бүгін 6,5 сағат жүріпті. Өздері “ең ұзақ тікелей эфир” деп, мәз! Ендігәрі, 4 сағат жүреді екен.

Тәк деп, оның жыры жылдарға созылып, “Қалаулымды” қойдыра алмай, керісінше олар от алып, үдетіп үлгерді.
Олар сөйтем дегенше, анау КТК жақтан “АСТАРЛЫ АҚИҚАТ” шықты: кіл сарттың “шұлғауының шешілуі” мен дамбалының астарын ақтарып, ышқырбауын созғылап; бір тақырыпты 7 санына дейін созып…

Өткенде, 15-те “балалап қалған “Назакат” сериялын 7 бөлімге жеткізген ақиқатшылдар бүгін арналар аударып отырып соңғы жағын көз шалып қалды. СҰМДЫҚтың көкесі Назакаттан да асып, атасы мен келінінің әуейі болып, арада балалар болып, от-анасы мен ұлдың бетіне шіркеу болған қайын ата мен бетсіз келінді көрсетіп жатыр. ДНК сараптамасын жасап, “астарын ақтармақшы”, сөздерінше… (Жалғасы ертең деді.)

Осы ма еді, ұлттық идеологияны жетілдіргендері?! Арсыз, санасыз, егер, басқа заман болғанда тас атып, ит жеккенде қан қақсатар жағдаяттарды көлкітіп көгілдір экранға шығарғанда не таппақ, КТК, ток-шоу, әлеуметтік хабарлар редакциясының мақсаты не?! Ақпарат министрлігі ұлтқа, елге опа бермес ондай бассыздықтарға тосқауыл қоймай, қайда қарап отыр!?

Тоқтам керек! “Қалаулымның” бұрыннан біз айтып келе жатқан бітпейтін жыры мынау, “АСТАРЛЫ АҚИҚАТтың” масқарасының қасында місе де болмай қалды”, деп аяқтады. 

Рубрика: