Ресейлік “Голос” жобасында Қазақстандық Әділхан Макиннің өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Ол Александр Градскийдің командасының мүшесі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділхан Алла Пугачеваның “Не отрекаются любя” әнін орындады. Қазылар алқасымен әңгіме барысында 27 жаста екенін және Петропавл қаласында тұратынын айтты.

Айта кетейік, көрмей тыңдау барысында қазақстандыққа Дима Билан мен Александр Градский қарады.

Әділханның өнеріне Александр Градский:

Димаштан кейін ештеңеге таң қалмаймын. Ал бүгін сен мені таң қалдырдың. Жоғарғы регистр тенорға ұқсайды, орта регистр баритонға ұқсайды, төменгі бас тәрізді. Бұл өте сирек кездесетін дауыс, – деді Градский.

Еске салайық, Әділхан Макин Витебскіде өткен “Славянский базар – 2019” халықаралық фестивалінің жеңімпазы.

Рубрика: