АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Димаш Құдайберген өзі сияқты ән айтқан қызға іздеу салды (видео)

[:kz]

Димаш Құдайберген өзі сияқты ән айтқан қызға іздеу салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында Sos D’un Terrien әнін өзінің дауысына келтіріп орындаған қыздың бейнежазбасын жүктеген. Видео қыздың телебағдарламада өнер көрсеткен жерінен түсірілген.

«Өте қызық пародия. Бұл қыз менің өзіме қарағанда маған қаттырақ ұқсайды. Өте керемет жасалған. Қай елде екені қызық», — деп жазды Димаш Құдайберген.

Титрларға қарап бейнежазба «Яг түүн шиг» таланттар додасынан алынғанын байқауға болады. 

[:]