16 апреля, 2019 Comments Off on Димаш Құдайберген өзбек халқын аузына қаратты (видео)

Димаш Құдайберген өзбек халқын аузына қаратты (видео)

Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне арналған гала концертте Димаш Құдайберген де өнер көрсетті. Бұл жолы дарынды қазақ баласы ерекше дауысымен өзбек халқын таңғалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Салтанатты шара "Өзбекстан" халықаралық форумдар сарайында өткен. Гала концертте екі елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев те болған.

Ал Димаш қалың көрерменге өзінің " SOS d'un terrien en détresse" деп аталатын танымал әнін тарту еткен.

Видеоның желіде пайда болғаны сол еді, әншінің тыңдармандары оған деген тілектерін жаудырды."Димаштың орындауы, дауысы-сенсация", "Димаш Қазақстан халқы мен әлемнің ең талантты, тәрбиелі, мейірімді, кішіпейіл жас адамы", "Әдеттегідей биікте, Димаш - король", деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік гала-концертте Димаштан бөлек, Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Мария Мудряк сынды Қазақстанның өнер қайраткерлері мен сахна шеберлері, шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш еткен.

Еске сала кетейік, бүгін Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі өтті.

NUR.KZ.

 

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.