АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш Құдайберген Джеки Чанның үйінде қонақта болды[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген Джеки Чанның үйінде қонақта болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі актердің кешінде өнер көрсеткен Димаш Құдайберген, концерттен кейін Джеки Чанның үйінде қонақта болып, әңгіме-дүкен құрған. Бұл туралы жас әншінің өзі желідегі парақшасында жазба қалдырып, жаңалығымен бөлісті.

«Концерттен кейін Джеки ағаның бөлмесінде. Концертті аман-есен аяқтап, ағаммен әңгімелесіп отырған сәт», — дейді Димаш Құдайберген.

Мұны көрген желідегі жұрт екі саланың мамандары, тарихта қалатын қос тұлға деп Дчеки Чан мен Димашты жер көкке сыйғызбай мақтаған. Олар желіге өз пікірлерін жазып, ойларын ортаға салды.

«Аман бол, Димашжан», «Аңыздар», «Күшті, жарайсың», «Екі маман, екі шебер», «Міне армандар орындалады деген осы», «Керемет кездесу», «Жақсы адамдарды жанына тарту Димаштың жақсы қасиеттерінің бірі», «Сені қатты жақсы көреміз», — деп пікір қалдырды жұрт. 

Stan.kz 

[:]