АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш Құдайберген дауға айналған видеоға байланысты пікір білдірді[:]

[:kz]

 

 

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген ресейлік «Привет, Андрей» шоуының эфиріне қатысты дауға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Достар, кешегі эфирді көрген шығарсыз «Россия» арнасындағы «Привет, Андрей!» бағдарламасын көрген боларсыз. Бағдарламада кішкентай, бірақ мен үшін өте маңызды эпизод болды, бірақ ол эфирге шықпады. Ол жерде мен өз еліммен мақтанатынымды және барлық жерлестерімді жақсы көретінімді ашық айтып едім. 

 

Сонау 2013 жылы өтіп кеткен «Саз әлемі» бағдарламасының бүкіл қазақстанның маған деген қарым-қатынасының көрсеткіші емес. Ме ол бағдарламаға дейін 2013 жылы көптеген халықаралық бағдарламаларға барып жүлделі болдым. Мен ән айтуды жалғастыра беремін, өз шығармашылығымды өзіме қажет деп санаймын», — деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында.

«Менің ата-анам, жақындарым, достарым бар, олар маған барлық жағынан көмектеседі. Бірақ мен қазір кім болсам, осы дәредеге бірінші кезекте Қазақстанның арқасында жеттім. Себебі мен Қазақстанда өстім, қазақ тағамынан дәм таттым, қазақ педагогынан вокалдан дәріс алдым, қазақ отбасында өстім. Менің ең маңызды шабыт көзім — бұл менің ұлтым және менің елім! Америкадағы немесе Қытайдағы болсын халықаралық байқауларға мен жалғыз ниетпен — еліміздің атын паш етуге бардым», — деп қосты ол.

Димаш Құдайберген Қазақстанның атын шығаруды көздесеме, байқауларға бармайтынын атап өтті. 

«2013 жылғы видео туралы. Достар, шынымды айтсам, мен бұл видеоны қайтадан көремін деп  күтпеген едім, өйткені мен бұл жағдай туралы бұрында-ақ ұмытып кеткенмін. Ресейлік әріптестерімнің алдында өз отандастарыма болыспағаным үшін, әлі де өкпесі бар екен деп ойлаудың қажеті жоқ. Мен керек емес нәрсені ұмыта аламын. Сол кеште мен отандастарыма араша түсіп сөз айттым, өкінішке орай, қандай да бір себептермен бұл үзінді эфирге шықпады. Сондай-ақ, қымбатты достар, осы бір сәтсіз видеоны жан-жақта жіберуді тоқтатайық. Осынша жыл өтті, ал адамдар әлі күнге дейін талқылауды тоқтатпайды», — деді Димаш Құдайберген.

Сөз соңында Димаш осы бір жағымсыз видеоның кесірінен қанша адам сөз естіп жатқанын, бәрін ұмытуды көздейтінін айтты. 

Айта кетейік, ресейлік әншілер Димашты сынаған қазақстандық шоу-бизнес өкілдері туралы жағымсыз пікірлер айтқан болатын. 

[:]