Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа науқан басталғанын жариялады: әнші бүкіл әлемдегі аштықта қалған балаларға көмектеспек. 

Әнші дизайнер Майкл Корспен бірге әлемдегі аштықта қалған балалар проблемасымен күреседі.

«Мен Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасымен (WFP) бірге #FoodIsLove бастамасын қолдайтындығыма қуаныштымын. Олардың миссиясы әлемдегі балаларды тамақтандыру арқылы аштықты толығымен тоқтату. Әсіресе, пандемия кезінде осындай жақсылық жасауға дайынмын», – деп жазды Құдайберген.

Видеода Димаш ақ түсті футболка киіп тұр. Оның сол жағында жүрекше бейнесінде Love деп жазылған. 

Атақты дизайнердің футболкалары сатылымда болады. Футболкалардан түскен барлық қаражат WFP-ді қолдауға жіберіледі.

«Майкл Корс тегімен #WatchHungerStop футболкасының суретін жариялау арқылы маған қолдау көрсетіңіз. Michael Kors туралы әр пост пен сториз үшін БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасына түскі астан 50 тамақ бөледі», – деп Димаш оқырмандарға түсіндірді.       

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP немесе World Food Programme (WFP)) – әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым, ол мұқтаж жандарға жыл сайын шамамен 4 миллион тонна азық-түлік береді.

Рубрика: