АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш 8 наурызға қандай тосынсый дайындап жатқанын айтты – видео [:]

[:kz]

Танымал әнші таяуда «Аққуым» әніне түсірілген бейнебаянды жұрт назарына ұсынбақ

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Аққуым» әніне түсірілген бейнебаянын қысқаша таныстырды.

Димаш жаңа бейнебаяны жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.

«8 наурызға менен кішігірім тосынсый. Жуырда…», — деп жазды қазақстандық әнші жанкүйерлеріне.

Бұл бейнебаянды түсіріп жатқанын әнші ақпанның ортасында хабарлаған еді.

Бұған дейін бұл композицияны Димаш опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орындаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 22-23 наурызда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мемлекеттік Кремль сарайында өзінің жеке концертін береді. Сондай-ақ, қазақстандық әншінің концерті 29 маусымда Астана күніне орай өтеді.

Әнші америкалық The World’s Best таланттар шоуына қатысып жатыр. Ол әділ қазылар алқасының мүшелері мен сарапшыларды өз өнерімен таңғалдырып, әлемдік шоудың үшінші айналымына өтті.

sputniknews.kz

[:]