АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дильназ Ахмадиева отбасылы азаматтармен кездескенін мойындады[:]

[:kz]

Қазақстандық эстрада жұлдызы Дильназ Ахмадиева отбасылы азаматтрмен кездескен болып шықты. Оны әншінің өзі эксклюзивті берген сұхбатында мойындады.

Алайда, өнер иесі еш уақытта біреудің отбасын бұзуды мақсат етпегенін айтты. Ол өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, басқа біреуге тиесілі адамның сендік болмайтынына көзі жеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасына сілтеме жасап. 

Дильназ Ахмадиева Әділ Лиянға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты бар ащы шындықты жайып салды. Өнер иесі басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, жанұясы болған азаматтармен кездескенін де жасырмады. Алайда, әнші олардың отбасылы екенін білмей қалғанын түсіндірді.

«Мен өмірімде талай күйіндім. Сатқындықты, опасыздықты да көрдім. Мен отбасылы адамдармен кездестім. Бірақ, олаоды тіз қатар қойып, таңдаған емеспін. Мен тым кеш білетінмін. Бәрін тек аяқталған уақытта біліп жүрдім. Негізі ондай адамдар үшін күресуге болатын жағдайлар да болады.

Бірақ, оның бәрі әрбір адамның жеке оқиғасына тікелей байланысты. Алайда, қырыққа таяп қалған шағымда менің түйгенім мынадай: Бастапқыда сендік болмаған адам ешқашан сенікі болмайды. Өзіңді әрқашан қарама-қарсы тараптың орнына қоя білу керек. Мен ешқашанда біреудің отбасын ойраңдап, ажырастыруды мақсат етпегенмін.

Ол дүниедегі ең жаман нәрсе. Өмір — бумеранг. Мен оған сенемін. Сол себепті, олай жасаудың қажеті жоқ. Қарғысқа қалып, бақытты өмір кешпейсің» , — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дильназ Ахмадиева өзінен алты жас кіші екінші жолдасымен қалай кездескенін айтты. Ол кезде өнер иесі әлі тұрмыста болған.

 

[:]