АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Денис Тенді пышақтап кетті[:]

[:kz]

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді Алматыда пышақтап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Әлішер Елікбаев хабарлады.

«Бұл нақты мәлімет, бірақ мән-жайын білмеймін», — деді ол.

Қазіргі уақытта спортшы жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бейсенбіде түскі уақытта Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Денист Тен — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

 

 Tengrinews.kz 

[:]