АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дауыс беруге келген Зеленский журналистерге рэп оқып берді (видео)[:]

[:kz]

Украинадағы президент сайлау өтіп жатыр. Мемлекет басшысы болудан үмітті Владимир Зеленский дауыс беріп, журналистермен сұқбаттасты. Ол сонымен қатар бүгінгі таңды қалай қарсы алғанын айтып, рэп оқы берді деп хабарлайды ТАСС.

Фото: Владимир Зеленский дауыс берді. Фото: vesti.ru

Фото: Владимир Зеленский дауыс берді. Фото: vesti.ru

Зеленский тілшілерге аз ұйықтағанын, бірақ, таңды жақсы қарсы алғанын айтты.

Үміткер жұбайының өзіне жұмыртқа қуырып, көңіл күйін көтеру үшін Эминемнің әнін қосып бергенін де сөз етті.

Өз кезегінде журналистерде қымсынбастан Зеленскийден рэп оқып беруді сұрады. Ол өз кезегінде әртістің әніндегі бірнеше шумақтарды оқып берді.

Сондай-ақ шоумен штабқа барып, дауыс берудің аяқталуын күтетінін айтты.

 

[:]