АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды [:]

[:kz]

Әйгілі қазақстандық балуан, спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің Бас ассамблеясында оның қазіргі басшысы Дәулет Тұрлыханов қатысушылардың бірауызды шешімімен төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Ассамблеяға Біріккен күрес әлемінің президенті, ХОК Атқару комитетінің мүшесі Ненад Лалович (Сербия), UWW вице-президенттері Михаил Мамиашвили (Ресей) және Ахролжан Рузиев (Өзбекстан), сондай-ақ UWW мүшесі қатысты.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов 2017 жылы мамыр айында Нью-Делиде өткен конгресте Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланған еді. Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген.

Грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл Алматы облысы, Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне директор болып тағайындалған болатын. Одан бөлек, Сидней олимпиадасының чемпионы, Олимпиадаға даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов AIBA-да жаңа қызметке тағайындалған еді.

kaz.nur.kz

 

[:]