27 июня, 2020 Comments Off on Дариға Назарбаевамен яхтада билеп жүрген жігіт Sulpak-тың қожайыны екен

Дариға Назарбаевамен яхтада билеп жүрген жігіт Sulpak-тың қожайыны екен

Дариға Назарбаевамен бірге бір топ адамның яхтада «День Победы» әнін шырқап, асыр салып би билеген видеосы қоғамда қызу талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушылары видеода көңіл көтеріп жүрген адамдардың атын атап, түсін түстеп шықты. Дариғамен бірге би билеп жүрген көк костюмдегі сырбаз жігіт ағасының Алмас Сұлтанғазинге қатты ұқсайтынын айтып жатқандар бар, деп жазады malim.kz.

Forbes.kz-тің Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменінің тізіміне кіретін Алмас Сұлтанғазин Андрей Пакпен бірге Sulpak тұрмыстық техника және электроника дүкендер желісінің негізін қалаған. Сондай-ақ, ол – «Arena S» ЖШС мен Alser сауда желісінің мажоритарлы иесі.

Оның «Sulpak Cinema» ЖШС (Warner Bros., Universal және Paramount Pictures-тің Қазақстандағы өкілдігі), «High Tech Commerce» ЖШС мен ABE Media жарнама агенттігінде үлесі бар. Сонымен қатар, кәсіпкердің атына шаруа қожалықтары тіркелген.

Алмас Сұлтанғазин – академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің ұлы. Әкесі тәрізді ғылымда жетістікке жетпесе де, А. Сұлтанғазиннің бизнесте аты шыққан.

А. Сұлтанғазин мен оның әріптесі Андрей Пактың аты-жөні атышулы оффшор құжаттарында да аталады. Зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумы жасаған Offshore leaks базасында Алмас Сұлтанғазин мен әріптесі Андрей Пак Balzar Limited компаниясының

2007 жылдың тамызында құрылған компания Мәскеудегі мына мекенжайда тіркелген: Хилл Консалтинг, «Москва – Сити» ААҚ, Тестовская, 10 бизнес орталығы, Солтүстік мұнара, 11-қабат. Дәл осы мекенжайда тағы 658 компания тіркелген. Offshore leaks мәліметіне қарағанда, Сұлтанғазин иелік ететін Balzar Limited компаниясының Британ Виргин аралдарына қатысы бар.


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb